Қазақстандық Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогында жүлде алды

Қазақстандық Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогында жүлде алды

Қазақстандық мерген Ислам Усейнов нысана көздеуден әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды.

Бұл күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өтіп жатыр. 

10 метрден пневматикалық мылтықтан көздеп ату бойынша отандасымыз Ислам Усейнов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша 260.5 ұпай еншілеп, жарыстың үшінші орынына ие болды. 

Айта кетерлігі, хорватиялық Миран Маричич жеңімпаз атанса, сербиялық Лазар Ковачевич күміспен күптелді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или