Қазақстандық таэквондошылар Пара Азия ойындарына тағы үш лицензия жеңіп алды
БАӘ-нің Шарджа қаласында таеквондодан Ханчжоу-2022 Пара Азия ойындарына іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық таеквондошылар жалпы есепте 1 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль еншіледі.
Әлемнің 12 елінен 70 спортшы қатысқан аламанда 80 келіден астам салмақта Әлішер Ғариполлаев (Атырау) жеңімпаз атанды.
Ал 80 келіге дейінгі салмақтың өкілі Жанболат Қазиев (Атырау) пен 47 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Милана Красавцева (Қостанай) екінші орынға жайғасты. Осылайша Ә. Ғариполлаев, М. Красавцева мен Ж.Қазиев Ойындарға жолдама ұтып алды.
Сонымен қатар ақтөбелік Бауыржан Көшербаев (63 келіге дейін) пен алматылық Нұрбек Жұмахан (70 келіге дейін) үздік үштікті қорытындылады.
Нәтижесінде параспортшылар 8 жеке жолдамаға қол жеткізді. Бұған дейін Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Өмірәлі Нышан, Нысанбек Айдарбеков, Жұмағали Ержанов әлемдік рейтинг қорытындысы бойынша лицензия еншілеген болатын.