Республикалық спорт колледжінің мұғалімдері Prosports.kz сайтына хат жазды
Құрамында педагогикалық ұжым мен онда оқитын балалардың ата-аналары бар Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің командасы оқу орнының күтпеген жерден қайта құруға байланысты өздерінің болашағына қатты алаңдап отыр, деп жазады Prosports.kz.
Жаңа жобада оқу-жаттығу жүйесін өзгерту және РСК ғимаратын Олимпиадалық резервті дайындайтын спорт-жаттығу орталығы етіп қайта құру қарастырылған.
Осыған орай, Каркен Ахметов атындағы олимпиадалық резерв республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде және Шаңырақ шағын ауданындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінде балаларды одан әрі оқыту және мұғалімдерді қызметке орналастыру жоспарланып отыр.
Студенттердің ата-аналарының айтуынша, қазір олардың барлығының жоғарыда аталған оқу орындарында спорттық білімін жалғастыруға мүмкіндігі бола бермейді, өйткені жатақханаларда орындардың болмауына байланысты, бұл белгілі бір спорттық нәтижелерге әлі жете алмаған балалардың оқудан шығуына себеп болуы мүмкін.
РСК жаттықтырушылары мен педагогикалық құрамының тағдыры мен мансабы үлкен мәселе болып қала береді, өйткені көптеген мұғалім объективті себептермен жаңа жерде тиісті оқу жүктемесін ала алмайды, бұл олардың жалақысының төмендеуіне әкеп соғады.
Айта кетейік, оқушылардың ата-аналары Мәдениет және спорт министрлігіне хат жазғанымен, әлі жауап алмаған екен.



