Әмір Маймұратов Солт-Лейк-Ситиде әлем кубогының кезеңіне қатысады
Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы қазіргі таңда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шеберлігін шыңдап жатыр. 27-29 мамыр күндері осы қалада өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды.
Солт-Лейк-Ситиде ерлер мен әйелдер арасында жылдамдық және боулдеринг бойынша бәсекелер өтеді.
Айта кетерлігі, отандасымыз алдыңғы кезеңде<span> </span>жылдамдық бойынша алтыншы орынға жайғасқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или