«Үкіметтің емес, өзімнің 180 миллионымды салдым»
Балаларға секциялар мен үйірмелерге жазылуға мүмкіндік беретін ArtSport платформасын жасаушы Сергей Алабугин операторлардан күдіктенеді.
Ол баспасөз мәслихатында компаниясының мемлекеттік қаржыны жұмсайтынын жоққа шығарды.
«Біз платформаны қалыпта ұстау және дамыту үшін тек өзіміздің қаржыны жұмсаймыз. Мен бизнесмен ретінде платформаға өзімнің 180 миллионымды салдым. Бұл қоғамдық жоба. Бизнесменде халық үшін пайдалы дүние жасағысы келетін сезім болады. Сондықтан біз платформаны мемлекетке тапсырғымыз келеді», – деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или