Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды

Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Грекияда әлем кубогының суперфиналында сәтті өнер көрсетті.

Афиныда екі күнге созылған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы саны бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы еркін жаттығуда 81,5333 балл жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Ал әйелдер арасында техникалық бағдарлама мен аралас командалардың еркін комбинация сайысында құрама қос қоланы қоржынға салды.

Ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Эдуард Ким 74.8478 баллмен суперфиналдың қола жүлдесіне қол жеткізді.

Жұптық техникалық сында Эдуард Ким мен Жаклин Якимова өнері 78.2740 баллға бағаланып, ел қоржынына төртінші қола жүлдені әкелді.

Айта кетерлігі, әртістік жүзуден әлем кубогінің суперфиналына 23 елден 137 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или