Қазақстандық садақшылар Иракта өткен Азия кубогында үш жүлде жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Сүлейманияда (Ирак) өтіп жатқан Азия кубогының екінші кезеңінде құрама садақ атудан командалық есепте үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құрамында Виктория Лян, Эльмира Раисова және Адель Жексенбаева бар Қазақстан әйелдер құрамасы екінші орын алды.
Ерлер командасы (Сергей Христич, Бунед Мирзаметов, Шамиль Сагутдинов) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Аралас командалық есепте Сергей Христич пен Адель Жексенбаева турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или