Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтанда көркем гимнастикадан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан гимнастика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Командалық біріншілікте Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші, шымкенттік гимнасттар екінші орын, Алматы қаласының командасы қола жүлдені жеңіп алды.
Жекелей бағдарламада 2022 жылғы Қазақстан чемпионы болып шымкенттік Эльжан Таниева атанды, чемпионаттың күміс медалін оның жерлесі Баян Қойбақар жеңіп алды, ал Нұр-сұлтан қаласынан Сабина Бакатованың қола жүлдені иеленді.
Топтық көпсайыста жеңіс тұғырына көтерілді:
<span>1 орын – Нұр-Сұлтан қаласы (54.000) </span>
<span>2 орын – Шымкент қаласы (48.300) </span>
<span>3 орын – Алматы қаласы (45.150)</span>
<span>Фото instagram.com/kazgymfederation</span>