Сурдлимпиадада Қазақстанның дзюдодан ерлер және әйелдер құрамасы 3-орын алды

Сурдлимпиадада Қазақстанның дзюдодан ерлер және әйелдер құрамасы 3-орын алды

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан 24-ші жазғы сурдлимпиада ойындарында дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Батысқазақстандық бапкер Теміржан Хасанғалиевтің мәлім еткеніндей, әйелдер арасында командалық жарыста Украина құрамасы чемпион атанса, оңтүстіккореялықтар екінші, Қазақстан үшінші орынға көтерілді.

Ерлер арасында Украина үздік шықса, оңтүстіккореялықтар күміс, Франция мен Қазақстан қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында ел құрамасы сапында батысқазақстандық Дина Ержанова өнер көрсетті. Дина 52 келіге дейінгі салмақта жекелей сында да үздік үштікке іліккен болатын.

«Осымен сурдлимпиадада дзюдо жарысы мәреге жетті», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Т.Хасанғалиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или