Таеквондошыларымыз Алатау бөктерінде жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Таеквондошыларымыз Алатау бөктерінде жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Таеквондодан Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құраманың аға бапкері Батырбек Есдәулетовтің мәліметінше, қазір спортшылар Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында алдағы халықаралық турнирлерге тыңғылықты жаттығуда.

«Бізді халықаралық жарыстар сериясы күтіп тұр, олардың арасында рейтингілік мамырда өтетін Austrian Open додасы, маусымда жалауы желбірейтін Италиядағы Гран-при және Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионаты бар. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр, спортшылар күніне екі реттен жаттығу жасайды. Таеквондошылардың көңіл күйі жақсы», – деді Б.Есдәулетов.

Айта кетейік, оқу-жаттығу жиындарына 15 спортшы қатысуда. Жаттығулар 28 сәуірге дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или