Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Бакуде қола медаль алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Бакуде қола медаль алды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде топтық жаттығу бойынша сында қола медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшыларымыз доп/таспа жаттығуында жақсы нәтижеге қол жеткізді. 

Бұл сында алтын медальді Италия құрамасы жеңіп алса, екінші орынға жапониялық спортшылар ие болды. 

Айта кетейік, жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 14 команда қатысып, турнирдің финалына 8 үздік команда жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или