Алматыда спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионаты басталды
Алматыда спорттық құзға өрмелеуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Аталған ел біріншілігіне Қазақстанның 6 өңірінен 77 спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Жарыстың бірінші күнінде "жылдамдық" санаты бойынша үздіктер анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей:
Ерлер:
1. Әмір Маймұратов
2. Матвей Есипов
3. Валерий Сердюк
Әйелдер:
1. Тамара Жабаева
2. Маргарита Агумбаева
3. Әсел Марленова
Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 24 сәуірге дейін жалғасады. Спортшылар енді қиындық, боулдеринг және көпсайыс бойынша бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или