Қазақстандық таеквандошылар Италиядағы және Оңтүстік Кореядағы жарысқа қатысады

Қазақстандық таеквандошылар Италиядағы және Оңтүстік Кореядағы жарысқа қатысады

Таеквондодан Қазақстан құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда мүшесі Смайыл Дүсйебай Olympic.kz сайтына биылғы маусымдағы маңызды жоспарларымен бөлісті.

"Қазір күніне бір мезгіл жаттығу жасаймыз. Ораза айы біткен соң толыққанды жаттығуға кірісеміз. Маусым айында бізді екі ірі жарыс күтіп тұр: айдың басында Италияда Гран-при өтеді, ал айдың соңында Оңтүстік Кореяда Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Одан бөлек Азия ойындары, әлем чемпионаты мен Универсиада ойындары бар. 2020-21 жылдары коронавирустық шектеулерге байланысты ұйымдастырылмаған аламанның барлығы биыл өтеді. Сондықтан осы байрақты бәсекелерде атой салу үшін тыңғылықты жаттығуға кірісеміз", - дейді таеквондошы Смайыл Дүйсебай.

Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиындары сәуір айының соңына дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или