Айнағұлов Азия чемпионатында күміс медаль алды
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алған.
63 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Айнағұлов финалда қырғызстандық Тынар Шаршенбековпен белдесті. Бұл кездесуде қырғыз балуаны мерзімнен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, Мейрамбек Айнағұлов Азия чемпионатында күміс медаль алды.
Айта кетейік, бұған дейін 55 келідегі Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотаниден жеңіліп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.
Алда тағы екі жерлесіміз құрлық біріншілігінің алтын жүлдесіне таласады. Тағы бір балуанымыз қола медаль үшін белдеседі.
77 келі: Ақжол Махмудов (Қырғызстан) -  Мақсат Ережепов
130 келі: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов
Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)
87 келі: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов