Грек-рим күресі

Бекболатов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бекболатов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты.

Нәтижесінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алған. Олардың арасында алғашқы болып 55 келідегі Аманғали Бекболатов боз кілемге шықты. Қарсыласы жапониялық Ю ШИОТАНИ болды.

Белдесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның пайдасына аяқталды. Осылайша, Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер