Жүзуден Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне дайындықты бастайды
Жазғы спорт түрлері бойынша жаңа маусым басталып, құрама спортшылары маңызды додаларға дайындықты бастап кетті. Тіпті, әлемдік аренада ел намысын қорғайтын спортшылар қатары да іріктелініп үлгерді. Атап айтқанда, жақында жүзуден Қазақстан чемпионаты аясында биылғы әлем біріншілігіне баратын спортшылар анықталды.
Назарларыңызға жүзуден Қазақстан чемпионатын нәтижесі мен биылғы әлем чемпионатына аттанатын спортшылар есімдерін ұсынамыз.
Республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында өтті. Ел біріншілігініңнәтижесінде жалпыкомандалық есепте ұпай саны бойынша 43 714 еншілеген Алматы қаласының құрамасы көш бастады. 35 266 ұпайын еншілеген Ақтөбе облысыы екінші орыннан көрінсе, Нұр-Сұлтан қаласының командасы 30 096 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Аталған ел біріншілігінде Қазақстан рекорды жаңарды. Оның авторы Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова. 1500 метрді еркін әдіспен 17:31,08 секундта бағындырған ақтөбелік Диана Тасжановаға тиесілі.
Чемпионат қорытындысы бойынша #teamKZ сапынан бес спортшысы су спорты бойынша 19-шы әлем чемпионатының нормативін орындап, дүниежүзілік біріншілікке қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар:
1. Әділбек Мусин
2. Александр Варакин
3. Айбек Қамзенов
4. Аделаида Пчелинцев
5. Ксения Игнатова