Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

София (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. 

Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, итальяндық София Раффаэли күміспен күптелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или