Қазақстандық спортшы триатлоннан Оңтүстік Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшы триатлоннан Оңтүстік Азия чемпионатында топ жарды

Бүгін Непалдың Покхара қаласында триатлоннан Оңтүстік Азия чемпионаты мен Азия кубогының кезеңі өтті. Сайысқа Аустрия, Бангладеш, Индия, Қазақстан, Польша мен Жапониядан келген алпыстан астам спортшы қатысты.

Сайыскерлер спринт қашықтығындағы жүлделі орындар үшін жарысты. Олар Пхева өзенінде 750 м жүзіп өтсе, атақты Басундхара саябағының айналасымен 20 км велосипедпен сайысып, 5 км жүгірді.

Қазақстан туының астында ұлттық құрама мүшелері сынға түсті: әйелдер арасында Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан), Надежда Бекмаганбетова (Нұр-Сұлтан) мен Юлия Озерова (Қостанай обл.); ерлерде – Кирил Рожков (Алматы), жасөспірімдер құрамасының мүшелеріДаниил Зубцов (Қостанай обл.) пен Алихан Абусеит (Шымкент).

Непалдың күрделі додасында Екатерина Шабалина өзінің бас бәсекелестері жапондықтардың алдын орап әкетті. Сайыс қорытындысы бойынша Екатерина 01:02:20 уақытымен мәреге жетіп, бірінші орынды иеленді. Надежда Бекмаганбетова үшінші орынды алып, қола жүлдеге лайық болды. Оның көрсеткен уақыты - 01:04:14. Юлия Озерова (01:05:51) бесінші орында жарысты аяқтады. Қазақстандық подиумның ортасына жапондық Хираку Фукуока (01:02:53) түсті де екінші орын алды.

Ерлер арасында Даниил Зубцов (00:58:20) жарысты жетінші болып тәмамдаса, Алихан Абусеит (00:58:25) - сегізінші. Жүлделі орынға әбден бәскелестік танытып, алайда велосипедінің доңгелегі тесіліп қалған Кирил Рожковтың сайысы сәтті болмады.

Ерлер сайысының бірінші және екінші орындарын жапондықтар Гента Учида (00:53:14) мен Киотаро Иошикава (00:53:22) жеңіп алды. Үшінші орынды аустриялық Леон Паугер (00:53:36) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или