Павлодарда үстел теннисінен ел чемпионаты өтеді
Сәуірдің 5-і мен 10-ы аралығында Павлодардың "Жеңімпаз" үстел теннисі орталығында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің өңірлерінен спортшылар жылдың басты бәсекесіне жиналады.
Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова, Алан Құрманғалиев, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжіғұлов, Зәуреш Ақашева, Ирісбек Артукметов, Әнел Бақыт, Ескендір Харки және басқа да теннисшілеріміз командалық, жекелей, жұптық, аралас сында өзара мықтыны анықтайтын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или