Таэквондошы Әділет Базарбаев Испаниядағы турнирде «күміс» иеленді

Таэквондошы Әділет Базарбаев Испаниядағы турнирде «күміс» иеленді

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев халықаралық Spanish Open G2 турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік турнир мәресіне жетті.

Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальге қол жеткізді.

Алматылық таеквондошы алғақы кездесуінде Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы түркиялық Хакан Рекберді ұтты.

Осы медальдің арқасында Базарбаев 12 ұпай еншілеп, сол арқылы алықаралық рейтингтегі орнын жақсартады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или