Таеквондодан жастар арасында ел чемпионаты Ақтөбеде өтеді

Таеквондодан жастар арасында ел чемпионаты Ақтөбеде өтеді

28-30 наурыз күндері Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында таеквондодан 2005-2007 жылдары туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Үш күн бойы СҚО-дан бөлек еліміздің барлық өңірінен 478 спортшы 20 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. 

Ал жүлделі орыннан көрінгендер ҚР ұлттық құрамасының қатарына шақырылып, бұл құрам Болгария астанасында өтетін әлем чемпионаты мен Моңғолия астанасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или