Азия чемпионаты: Байдаркада есу бойынша Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты
Бұл күндері Бангококта байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Байдаркада есуден Қазақстан қоржыны қос күміспен толықты. Жарыстың кезекті күнінде ерлер арасында 500 м есуден Сергей Токарницкий күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 500 м қашықтықта екеулік байдарка бойынша Ольга Сурмина мен Маргарита Торлопова күміспен күптелді.
Айта кетерлігі, аталған құрлықтық біріншілік 27 наурызға дейін өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или