Тағы бір ресейлік спортшыдан допинг анықталып, Олимпиада алтын медалінен айырылды

Тағы бір ресейлік спортшыдан допинг анықталып, Олимпиада алтын медалінен айырылды

Спорттық жүруден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы ресейлік Елена Лашманова антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы жеңіл атлетиканың жағымсыз құбылысымен күрес (AIU) органының сайтында жазылған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шеттетілу мерзімі 2021 жылдың 9 наурызынан бастап есептеледі. Лашманованың 2012 жылғы 18 ақпаннан 2014 жылғы 3 қаңтарға дейінгі кезеңдегі нәтижелері жойылды. Осылайша, спортшы жеңіл атлетикадан 2012 жылғы Олимпиада мен 2013 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлделерінен айырылды.

Лашмановадан тыйым салынған препарат табылғаны Мәскеу антидопинг зертханасында (LIMS) анықталған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или