Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогының қола жүлдегері атанды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл күндері Грекияның Афина қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы топтық жаттығулар бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Финалда шығыршықпен өнер көрсеткен аруларымыз қола жүлдені еншіледі. Команда сапында Сагина Мұратқызы, Айсұлу Мурзағалиева, Рената Жолдинова, Айдана Шаяхметова және Арудан Қасенова өнер көрсетті.
Айта кетерлігі, аталған жарыс жаңа Олимпиадалық кезеңнің алғашқы әлем кубогы болып саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или