Қазақстан ерлер құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды

Қазақстан ерлер құрамасы садақ атудан Азия кубогында топ жарды

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тайландтың Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр. Аталған жарыста ерлер арасында командалық сын бойынша қазақстандық спортшылар қарсылас шақ келтірген жоқ. Финалда олар Үндістан құрамасын айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетерлігі, құрлықтық додада командалық жарыста ел құрама сапынан Санжар Мұсаев, Ильфат Абділлин және Дәулеткелді Жаңбырбай қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или