Самат Ерғалиев: Париж бен Милан олимпиадаларына дайындық қазірден басталады
Париж бен Милан олимпиадаларына дайындық қазірден басталады. Бұл жөнінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлімдеді.
<span>Оның айтуынша құзырлы министрлік халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, арнайы бағдарлама дайындады. Оның ішінде жаттығуға қолдайлы жағдай жасауға және спортшыларды ынталандыру тетіктеріне ерекше екпін жасалады. </span><span>Мәселен, соңғы паралимпиададағы жетістіктер үшін спортшылар мен бапкерлерге 131 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. </span>
<span>Бұған қоса, қола жүлдегер атанған Александр Герлиц бір бөлмелі пәтердің кілтін алады. Енді алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, ел намысын қорғайтындардың жалақысын арттыру, спорттық инфрақұрылымдарды дамыту және дайындық бағдарламасын жетілдіру мақсаты тұр дейді Ерғалиев.</span>