Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты
Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогының финалына жолдама алды.
Пхукетте садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі.
Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр.
Айта кетерлігі, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или