Спортты дамыту дирекциясының директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, “Спортты дамыту дирекциясы”РМҚК директоры лауазымына Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға комитет төрағасы Самат Ерғалиев арнайы таныстырды.

Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы ОҚО-да дүниеге келген. Самбодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Көп жылдары спорт саласында түрлі лауазымдарда, соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиадалақ даярлау орталығының директоры, дзюдо федерациясының I-вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарған.