«Афродита» кубогы: қазақстандық гимнастар Грекия төрінен бес медаль жеңіп алды
Грекияда көркем гимнастикадан «Афродита» кубогы халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық гимнастар жүлделі орындармен көзге түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
11-13 наурыз аралығында өткен турнирге жасөспірімдер мен ересектер қатысқан болатын.
Жасөспірімдер арасындағы додада Эрика Жайлауова таспа жаттығуы бойынша қола жүлдегер атанды. Милана Парфилова шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алған.
Ересектер арасындағы сында Роза Абитова таспа жаттығуынан қола медаль иеленді. Баян Қойбағар ұршық жаттығуынан күміс, Сабина Бақатова шығыршықпен жаттығуда қоланы қанағат тұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или