Ресей мен Беларусь спортшылары 2022 жылғы жазғы Универсиадаға қатысудан шеттетілді
FISU (Халықаралық университеттік спорт федерациясы) Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік және беларусь спортшыларын 2022 жылғы Жазғы Универсиадаға қатысудан шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz .
FISU Басқарушы комитеті Ресейдің Беларусь көмегімен Украинаға басып кіруін айыптады. «Ресей және Беларусь спортшылары ұлттық университет спорт федерацияларының шенеуніктерімен бірге FISU жарыстары мен іс-шараларына кем дегенде 2022 жылдың соңына дейін қатыспайды. 2022 жылға жоспарланған Ресейдегі екі FISU студенттік әлем чемпионаты және Беларусьтегі FISU студенттік әлем чемпионаты бұған дейін өткізілмеді.
2022 жылға жоспарланған жекпе-жек және соған байланысты іс-шаралар бойынша студенттер арасындағы FISU әлем кубогы Ресейде өткізілмейді», - делінген FISU сайтында.
Айта кету керек, FISU басқарушы қауымдастығы Украинадағы жағдайды үнемі талдауды жалғастыруға міндеттенді, сонымен қатар украиндық студенттік спорт қоғамдастығына қаржылық қолдау көрсету үшін маңызды мамандандырылған қор құрды.
2022 жылғы Жазғы Универсиада Чэнду қаласында 26 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.