Қазақстандық таеквондошы Ирандағы жарыста жүлде алды

Қазақстандық таеквондошы Ирандағы жарыста жүлде алды

Жарыстың соңғы күнінде таеквондодан Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль иеленді, деп хабарлайды Қазақстанның Таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Бұл жүлде 80 келіде өнер көрсететін Нұрлан Мырзабаевқа тиесілі.

6-9 наурыз аралығында өткен аламан қорытындысы бойынша құрама қоржынында бір күміс және екі қола медаль бар.

Естеріңізде болса, турнирдің алғашқы күнінде Жансель Дениз (73 кг) бен Әмина Нұрғазықызы (62 кг) күміс және қола медальмен көзге түскен. Бұл нәтиже Қазақстанның әйелдер құрамасының үздік үштікке енуіне мүмкіндік берді.

Ал бүгін Тегеранда Азия таеквондо федерациясының президент кубогы басталып, 13 наурызға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или