Жаңа State of Play 10 наурызда өтеді
Sony корпорациясы жапондық баспагерлердің ойындарына арналған жаңа State of Play презентациясын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Презентацияның ұзақтығы 20 минутты құрайды. Цифрлық оқиға негізінен PS4 және PS5 үшін жапондық баспагерлердің ойындарын көрсетеді.
Компания өкілдері тұсаукесер кезінде PS VR2-ге қатысты жаңалықтар болмайтынын атап өтті. Еске салайық, бұған дейін корпорация виртуалды шындық дулығасының жаңа нұсқасының дизайнын көрсеткен болатын. Сатылым күні мен құрылғының құнына келетін болсақ, олар әлі белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или