Руслан Курбанов Будапешттегі Гран-при турнирінде ТОП-7 қатарына енді

Руслан Курбанов Будапешттегі Гран-при турнирінде ТОП-7 қатарына енді

Венгрияның Будапешт қаласында семсерлесуден ерлер арасындағы Гран-при турнирі аяқталды. Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені Руслан Курбанов тіркеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Шпагашылар сынында Руслан Курбанов даниялық Конград Констадты 15:6, франциялық Пауль Аллегриді 15:14 есебімен ұтып, негізгі топтың алғашқы кездесуінде Токио Олимпиадасының чемпион Масару Ямаданы 13:12 есебімен жеңді. 

Алайда, жартылай финалда венгриялық Нодь Дэвидтен 10:15 есебімен жеңіліп, жарысты жетінші орынмен аяқтады. 

Вадим Шарлаимов 42-ші, Эльмир Алимжанов 100-ші, Дмитрий Алексанин 143-ші, Ильхамжан Анарқұлов 208-ші, Кирилл  Павлов 228-ші, Ерлік Сертай 244-ші, Александр Савенко 262-ші орында. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или