Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық жарыста алты медаль иеленді

Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық жарыста алты медаль иеленді

Иран астанасында таеквондодан клубтық Азия чемпионаты турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазақстанТаеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

Жарыстың алғашқы күнінде даянгқа Қазақстанның әйелдер құрамасы шықты. Сәуле Сардарованың шәкірттері бұл чемпионатта алты медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштікті қорытындылады.

Осылайша 49 келі салмақта өнер көрсететін Нұрай Бауыржанова мен 73 келінің өкілі Жансель Дениз күміс жүлде еншіледі. Ал Айдана Еділбаева (46 кг), Рита Бакишева (46 кг), Амина Нұрғазықызы (62 кг) мен Нұрай Құсайынова (67 кг) жарысты қола жүлдемен аяқталды.

Бұған дейін атап өткеніміздей, турнирде Қазақстан құрамасы атынан 30 спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или