Нариман Курбанов әлем кубогіндегі жеңісіне қатысты пікірін айтты
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Нариман Курбанов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әлем кубогі кезеңінде қалай жеңіске жеткенін айтты.
Осы айда әлем кубогінің төрт кезеңіне қатысуды жоспарладым. Міне, екі аптаның ішінде екі кубоктік додаға қатысып үлгердім. Германияның Котбус қаласында өткен жарыста басты фавориттердің бірі болдым. Финалға да жақсы ұпаймен өттім.
Бірақ шешуші сәтте дайындығым да, жүйкем де сыр берді. Оның үстіне, жаттығуды орындау кезінде қате жіберіп, медальдан айырылып қалдым. Сондықтан, Дохаға келіп, алтын алмай кетсем, өзімді кешірмейтін едім. Тек қана алтын аламын деген мақсат бар менде.
Іріктеуден бір деммен өтіп, финалда өзімнің соңғы үш айда дайындаған жаттығуымды көрсетіп шықдым. Енді алда тағы екі кезең бар. Сол бәсекелерде өзімнің бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын», - деді Нариман.