Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиынына кірісті
Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды.
Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар - Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.
Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады.
Пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или