Бокс

Қамшыбек Қоңқабаев Алматы төрінде шаршы алаңға шығады

Қамшыбек Қоңқабаев Алматы төрінде шаршы алаңға шығады
news-banner7
mobile-news-top

MTK промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетін жариялады.

25 наурызда Алматыда өтетін бокс кешінде Қамшыбек Қоңқабаев оңтүстікафрикалық Джонни Мюллерге (23-2, 14 KO) қарсы қолғап түйістіреді. Сарапқа бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуі салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев былтыр желтоқсан айында Алматыда британиялық Стивен Уорды (13-2, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер