Қазақстандық паратаеквондошылар «7-ші WT президентінің кубогында» екі «алтын» алды
Албанияның Дуррес қаласында «7-ші WT президентінің кубогы – Еуропалық аймақ» рейтингтік турнирі аясында паратаеквондо жарыстары өтті. Оған 12 елден 80-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасынан 9 паратаеквондошы қатысып, 2 алтын және 2 күміс медальға ие болды.
Нұрлан Домбаев (К44, 80 келіге дейін) пен Мәлік Мұқашев (К41, 80 келіге дейін) турнир чемпиондары атанды.
Нышан Өмірәлі (К44, 80 келіден жоғары) мен Кәмиля Досмалова (К44, 57 келіге дейін) күміс жүлдені жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или