Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде екінші орын алды
Таэквондодан Қазақстан құрамасы Тиранада (Албания) Президент кубогына қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған ірі турнирдің бүгін бірінші жарыс күні өтті.
Жарыстың алғашқы күні өнер көрсеткен қазақстандық Смайыл Дүйсебай күміс медаль жеңіп алды. Ол 87 келіге дейінгі салмақта бақ сынады.
Айта кетейік, турнир 23 ақпанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или