Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Мамыр айында Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді.
Жарыс Elite санатындағы спортшылар арасында өтеді. Турнирге 15, 17, 19, 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады.
Қатысушылар 300 метрге жүзу, 8 шақырымға велосипедпен жарысу және 2 шақырымға жүгіруден сынға түседі.
Ел чемпионаты 7-8 мамырға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или