Таеквондодан Түркияда өткен халықаралық турнирдің жүлдегерлері анықталды
Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G2 санатындағы халықаралық турнир аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар да жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірімдер арасындағы додада Қазақстан сапынан Акрамат Долгиев (48 келі), Жарас Әлімжанов (59 келі), Назым Махмұтова (63 келі) жеңімпаз атанса. Аяжан Сапархан (59 келі) қола жүлде жеңіп алды.
Айта кетелік, осы бәсекеде ересектер арасында сынға түскен Жансель Дениз 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или