Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада 19 мың волонтер жұмыс істейді
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есебі 19 мың волонтер жұмыс істейді.
Бұл туралы бейсенбіде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді.
«Қазіргі таңда қысқы Олимпиада ойындарында 19 мың волонтер қатысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар», - деді ол.
Айта кетелік, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или