Абылайхан Жүсіпов Suleimen Promotions промоушенімен келісімшартқа отырды

Абылайхан Жүсіпов Suleimen Promotions промоушенімен келісімшартқа отырды

Қазақстандық боксшы Аблайхан Жүсіпов Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Suleimen Team командасына қош келдіңіз! Промоушен Абылайхан Жүсіповпен келісім-шартқа отырғанын ресми түрде хабарлаймыз! Абылайханға алдағы кәсіпқой бокста тек сәттілік пен жеңістер тілейміз» деп жазылған Suleimen Promotions промоушенінің Instagram парақшасында.

Әуесқойлар арасында Аблайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының капитаны болды. Сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі. Жүсіпов кәсіпқой бокстағы дебютін 2020 жылдың қазан айында өткізген болатын, бірақ сол жеңістен кейін кәсіпқой жекпе-жек өткізген жоқ.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или