Еуро-2022: Оразбеков Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойынын жоғары бағалады

Еуро-2022: Оразбеков Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі ойынын жоғары бағалады

«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі өнеріне қатысты ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

– Команданың Еуро-2022 топтық кезеңіндегі ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Команда алдына қойылған бірінші тапсырманы орындап, топтан бірінші орыннан шықты. Қазақстандағы оқиғаларға байланысты дайындық жұмысы нашар болды, сондықтан турнирдің басында белгілі бір қиындықтар болды. Бірақ біздің команда қиындықтан оңай шығып рухтана білді. Олар әр кездесу сайын емес, әр матчта минут сайын ойындарын жақсартып отырды. 

Команданың көрсеткіші туралы тікелей айтатын болсам, бес балдық жүйе бойынша бес ұпаймен бағалар едім. Менің ойымша, біздің команда барлық қиындықты еңсеріп, енді ширек финалға дайындалып жатыр. Ендігі міндет – жартылай финалына шығу. Жақсы нәтижеге жетіп, әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі екенімізді тағы да дәлелдеуіміз керек.

– Ал төрешілік пен турнирде VAR жүйесінің жоқтығы туралы не айта аласыз?

– Командалар төрешілікке шағымданбайтын бірде-бір турнир жоқ. Әрине, адам факторы бар, сондықтан тәжірибелі арбитрлер де қателеседі. Осы проблемалардың барлығын ескере отырып, барлық ірі турнирде VAR жүйесін енгізу керек деп есептеймін. Былтырғы әлем чемпионатында VAR жүйесі өзінің тиімділігін дәлелдеді.

- Топтық кезеңнің үшінші турында көрермендер ойынға кіре бастады. Бұл біздің командаға Италиямен ойында көмектесті деп айта аламыз ба?

– Иә, жерлестеріміздің трибунада болғаны үлкен қуанышты оқиға болды. Бізді қазақ жанкүйерлерінің көп болғаны қатты таңғалдырды. Чемпионатты ұйымдастырушылар мен Нидерланды билігінің карантиндік шараларына қарамастан, олар стадионға келіп, командаға қолдау көрсетті. Бұл біздің құрама үшін үлкен мотивация болды.

Жанкүйер қолдауын ойыншалар қатты сезінді. Бізде жанкүйерлер өте ақылды, олар ұлттық құраманы қалай қолдауды біледі. Қалыптасқан өз мәнері бар. Жігіттер мұны өте жоғары бағалайды, мұндай қолдау оларға қосымша жігер сыйлайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или