Бейжің Олимпиадасы: журналистер қайдан ақпарат тарады? Фоторепортаж
Қазақстан құрамасы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қызу дайындалып жатыр. Олимпиада ойындарына барғандар қатарында журналистер де бар. БАҚ өкілдері Қытайдан хабар таратады. Prosports.kz тілшісі Есет Төлеш Қытайдағы алғашқы күн туралы баяндайды.
Журналистер Қытайға бармас бұрын спортшылар секілді бір апта карантинде жатып, күн сайын ПТР-сынақтар тапсырды. Мұның бәрін Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырды.
27 қаңтарда БАҚ өкілдері спортшылармен бірге Қытайға ұшып жетті. Олар Қытайдың екі қаласына бөлінген. Бір топ Бейжіңде, тағы бірі Чжанцзякоу қаласында. Бәрі журналистерге арналған медиа-қонақүйлерге орналасты.
Мен Чжанцзякоу қаласындамын. Бұл - Пекиннен 180 шақырым жерде жатқан танымал <span>тау-шаңғы </span>курорты. Пекиннен арнайы пойызбен бір сағатта жетуге болады. Чжанцзякоуда шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, биатлон, трамплиннен секіру және фристайл жарыстары өтеді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған журналистер тау маңындағы қонақүйде орналасқан. Қонақүй аумағынан шығуға болмайды, жолда күзетшілер бекеті тұр.
</picture>Журналистің бәрі баспасөз орталығы, спорт нысандарынан басқа жерлерге бара алмайды, қала аралауға тыйым салынған. Арнайы кесте бойынша қонақүй алдына автобустар келеді, соған отырып, баспасөз орталығына барады. Ал сол жақтан басқа да спорт нысандарына жетуге болады.
</picture>Чжанцзякоудағы барлық Олимпиада нысаны тау маңайында орналасқан. Күн салқындау, бірақ ауасы таза. Көп жерде қар жоқ.
</picture>Медиа-орталық та биікте орналасқан.
</picture>Ұйымдастырушылар әр спорт нысанына ұлттық орнаментін қосқан. Қайда жүргеніңізді ұмытпайсыз.
</picture>Журналистің бәрі медиа-орталыққа барып тіркелуі қажет. Мұнда ең қиыны - түсінісу. Себебі қытайлықтардың бәрі бірдей ағылшынша біле бермейді. Ағылшынша сөйлей алатындардың өзі басқа акцентпен, біз басқа акцентпен сөйлесеміз.
Сондықтан баспасөз орталығының барлық жұмысшысы қағазын не телефонын дайындап тұрады. Сұрағыңызды қағазға жазып бересіз не смартфондағы қосымшалар арқылы сөйлесесіз.
</picture>Медиа-орталық бұрынғы сауда үйі орнынан ашылғанға ұқсайды. Іші кең, үш қабатты. Бірақ қызу жұмыс бірінші қабатта болып жатыр. Баспасөз залы, журналистер жұмыс істейтін бөлмелер сонда орналасқан. Олимпиада әлі басталмағандықтан кей жерге кіру мүмкін болмады.
Ал екінші, үшінші қабаттарда кафелер мен дүкендер орналасқан.
</picture>Орталықта ұялы телефонға, фотоаппараттарға қызмет көрсететін орындар бар. Шағын дүкендер, кафелер жұмыс істеп тұр.
Кафеде де коронавирустан сақтану шаралары қатаң жасалған. Қызметкерлері қорғаныс костюмімен, маскамен жүреді. Ішке кірерде қолыңызға дезинфекция жасайсыз. Ал үстелде отырғандар арасында пластик шыны бар.
</picture>Баспасөз орталығына жақын маңда спорт жарыстары өтеді. Құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатқанын байқадық.
</picture>
</picture>Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан арасында өтеді. Ал қазақстандық спортшылар үшін жарыс 3 ақпанда басталады. Бұл күні фристайл-могул жарысынан іріктеу кезеңі өтеді.