Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын ұстайтын спортшылар костюмінің тизері жарияланды
Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми аккаунтарында Бейжің Олимпиадасында ту ұстайтын спортшылардың костюмдеріне арналған ролик жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әрбір детальда Отанымыздың бір бөлшегі жатыр. Бейжің Олимпиадасындағы ту ұстаушыларымыздың костюмі - нағыз өнер туындысы! Әрбір элементті шеберлер қолмен істеді», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетелік, Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова алып шығады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 4 ақпанға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или