«Дикий Арманға» қатысты жаңа ақпарат пайда болды

«Дикий Арманға» қатысты жаңа ақпарат пайда болды

Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы боксшы, қазір криминал Дикий Арман деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сот күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда 7 қаңтарда арнайы операция кезінде қонақүйлердің бірінде ұсталған алты адамның арасында Арман Жұмагелдиев те бар. Полицейлерге қарсылық көрсеткен күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі 4 жартылай автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или