Алматы спорт басқармасының басшысы қаладағы тәртіпсіздік кезінде жарақат алды

Алматы спорт басқармасының басшысы қаладағы тәртіпсіздік кезінде жарақат алды

Алматы спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты кортежіне шабуыл жасалған кезде жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Әкім орынбасары <span>Ержан Бабақұмаровтың</span> айтуынша, оқиға 6 қаңтарда болған. Бұл кезде Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқан. Еске салайық, дәл осы күні шаһарда жаппай тәртіпсіздіктер мен қарақшылық қызған еді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, Сәтбаев көшесіне жетпей, әкімдік ғимаратына бұрыла бергенде автоматтан оқ атылған.  

Алайда, амал не, "Алматы" телеарнасының жүргізушісі қаза болған. Оның автокөлігі әкімнің көлігінің соңынан жүріп келе жатыпты. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алған: спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов пен дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов. Оларға операция жасалған, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, дейді Бабақұмаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или