Төтенше жағдай кезінде барлық спорттық жарысты өткізуге тыйым салынды

Төтенше жағдай кезінде барлық спорттық жарысты өткізуге тыйым салынды

Төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар және шығармашылық ұйымдардың жұмыстары тоқтатылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

<span>Билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылатын болады. </span>

<span>Сондай-ақ, қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер, демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізуде. </span>

<span>Сонымен қатар, ақысы төленіп қойған демалыстар (жолдамалар, турлар) құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі елдегі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстаға заңнама аясында жүргізілетін болады. </span>

<span>Бүгінгі күні шет ел курорттарында 7636 қазақстандық турист демалу үстінде. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, шет елдерден туристтерді қайтару алгоритмі қарастырылуда.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или