Каратеден жаңа маусым Фуджейрада өтетін Премьер лига жарысынан басталады
Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Каратешілер үшін жаңа маусым 18-20 ақпан күндері басталады. Фуджейрадағы "Зайд" спорт кешенінде спортшылар маусымның алғашқы додасында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, 2022 жылы Премьер-лига бойынша бес кезеңі өтеді.
Бүкіләлемдік карате федерациясының күнтізбесіне сәйкес оларды Марокко, Ресей, Португалия және Әзірбайжан қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или